«Автоцентр-Бавария Алматы» в составе КМК «Астана Моторс»
Язык:
Басты бет Жаңалықтар
MINI John Cooper Works GP Concept
Франкфурттағы халықаралық автосалонда MINI John Cooper Works GP Concept әлемдік премьерасы британдық премиум-брендтің стендін өзіндік пит-лейнге айналдырады.
06 қыркүйек 2017
news

Қуатты пропорциялар, айқын түстер және сыртқы компоненттер – концепт өзінің түрімен-ақ жарыс жолында ерекшеленетін өте қарқынды сериялық модельге уәде береді, осылайша күнделікті көлік жүргізуден алатын ләззатты жаңа деңгейге көтереді.

Классикалық Mini-дің аңызға айналған жеңістерінен шабыттанған MINI John Cooper Works GP Concept динамика мен драйвты біріктіреді. Концептінің сипаты толығымен бес онжылдықтан астам уақытқа созылған спорттық мұрамен белгіленеді, ал MINI John Cooper Works GP Concept дизайны күшті көрсете отырып, оның ықшам пропорциялары мен спорттық маневрлігін айқын бейнелейді.

Алдыңғы және артқы етектің айбынды түрі, табалдырығы және таңғалдыратын артқы спойлер концептіге сенімді көрініс береді, ал көміртек талшығы сияқты жеңіл материалдарды пайдалану автокөліктің қуат пен салмақ арақатынасын оңтайландырады.

«MINI John Cooper Works GP Concept MINI ерекшеліктерінің толық сипатын біріктіріп, оларды ерекше, еліктіргіш етіп көрсетеді. Бұл ең жоғары өнімділік, максималды MINI», – дейді BMW Group Design компаниясының аға вице-президенті Адриан ван Хойдонк.

Жаңалықтар мен акциялар
news
24 желтоқсан 2024

MINI инновациялар мен жарыс мұрасының 65 жылдығын атап өтті

news
24 желтоқсан 2024

Түстер мен материалдардың дизайны: көбірек өзгешілік, көбірек заманауилық және көбірек MINI

news
24 желтоқсан 2024

Минималистік универсал: жаңа MINI Countryman